Елімізде әйелдерге қарағанда ерлер бақыттырақ екен

1073

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 50-орынға шықты.

Елімізде әйелдерге қарағанда ерлер бақыттырақ екен

Қазақстан 50 "бақытты" деген елдің қатарына кірді. 153 мемлекет қатысқан рейтингте еліміз 1 жыл ішінде 10 сатыға көтеріліп, Еуразиялық альянстағы көршілерін шаң қаптырып кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Аталған тізімде  Ресей 73-орынға жайғасқан. Ал оның өкшесін айырқалпақты ағайындар басып келеді. Беларусь болса, 75-орында тұр. Армения 116-орында тұрақтады.

Елімізде әйелдерге қарағанда, ерлер бақыттырақ екен. Сауалнамаға қатысқан ер адамдардың 62 пайызы шалқып өмір сүрсе, нәзік жандылардың 58 пайызы өмірлеріне риза боп шықты. Сонымен қатар, қалалықтарға қарағанда ауылдықтардың өз тұрмыстарына көңілдері толады. Олардың басым көпшілігі бақытты жандар екен. Ал  қалалықтардың тек 58 пайызының ғана өмірі шатыққа толы.

Еліміздің бақыт рейтингіндегі көрсеткіші жақсарғанымен, өкінішке қарай, суицид бойынша әлемде 3-орында, ал Орталық Азияда бірінші орында тұр. Тамыздың басындағы мәліметке сенсек, биыл 3 мың 800-ден астам адам өз-өзіне қол жұмсаған.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу