Елімізде ақпан айында қатты аяздар болады

1352

Елімізде ақпан айында қатты аяздар болады

Ақпан айының басында және келесі аптаның ішінде белсенді циклондардың әсер етуімен ауа-райының бұзылады. Жауын-шашын, кей жерлерде (еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында)  желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейіп, еліміздің солтүстігінде - бұрқасын, оңтүстік бөлігінде тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

3-6 ақпан кезеңінде және айдың ортасында Қазақстан аумағы бойынша Ресейдің Еуропалық бөлігі аудандарынан суық антициклонның ауысуы бұлттардың сейілуін және температураның төмендеуіне алып келеді.

Солтүстік бөлікте түнде 22…32 градусқа дейін аяз, күндіз 15…22 аяз;

Оңтүстік бөлікте  түнде 10…20 градусқа дейін аяз, күндіз 5…15 аяз.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес суықтың осындай қарқындағы толқыны үшінші онкүндіктің басында күтіледі, бұл суық антициклонның келуімен байланысты. Қалған күндері белсенді циклондардың қосылуымен және олармен байланысты болатын фронтальды бөліктермен ауа-райы жаңбырлы, бұлтты болады.

Нәтижесінде айдың орташа ауа температурасы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Қарағанды облысының басым бөлігінде климаттық мәндер шегінде, ал республиканың қалған бөлігінде нормадан 1°С-қа төмен болады.

Айлық жауын-шашын көлемі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде нормадан төмен; қалған аумақта – норма шегінде болжанады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу