Елімізде ақша аударымдарының саны 42%-ға өсті

742

Трансферттер көлемі екінші жыл қатарынан артуда. 

Елімізде ақша аударымдарының саны 42%-ға өсті

2021 жылдың қаңтар-маусымында республика бойынша ақша аудару жүйелері арқылы жеке тұлғалар 32,1 млрд теңге жіберді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,3% жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Ел аумағында трансферттер көлемі екінші жыл қатарынан өсуде. Транзакциялар саны 25,8%-ға, сәйкесінше 336,8 мыңға дейін өсті, бір аударым бойынша орташа сома 13,1%-ға, 95,2 мың теңгеге дейін артты.

Биылғы жылдың қаңтар-маусымындағы операциялардың көлемі бойынша ақша аударымдары жүйелерінің ішінде "Золотая Корона" дәстүрлі түрде Қазақстан аумағында көш бастап келеді: 7,8 млрд теңге. Одан кейін Western Union (1 млрд теңге), Юнистрим (346,8 млн теңге) және Contact (40,1 млн теңге).

Бұл ретте осы төрт жүйенің жиынтық үлесі бір жыл бұрынғы 34,3% -бен салыстырғанда 28,8% ғана құрады.  Басқа аударым жүйелеріне 71,2%, немесе 22,8 млрд теңге тиесілі.

Жоғарыда көрсетілген төрт жүйенің ішінде - Золотая Корона (9,3 мың), Western Union (8,9 мың), Юнистрим (1,9 мың) және Contact (0,01 мың) жалпы үлесі транзакциялардың жалпы санының 6% ғана құрады.  Басқа трансферлік жүйелер сәйкесінше 94% немесе 316,7 мың транзакция болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу