Елімізде активтерді қайтару бойынша өңірлік желі құрылады

738

Елімізде активтерді қайтару бойынша өңірлік желі құрылады

Елімізде активтерді қайтару бойынша өңірлік желі құрылады. Оның құрамына қазақ елімен қатар Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанның құқық қорғау органдары кіреді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл желі Еуропа тәжірибесі негізінде ұйымдастырылады. Жаңа жүйе арқылы шетелге активтерін шығарған азаматтар анықталып, қаржыны қайтару ісі біршама жеңілдейді. Өйткені өңірлік желіге мүше елдің мамандары әрдайым тығыз байланыста болып, қажетті мәліметтермен бөліседі.

Бүгін отандық құқық қорғау органдары академиясының алаңында аталған мемлекеттердің сарапшылары бас қосып, өзара пікір алмасты. Тараптар жауапты тұлғаларын бекітіп, жүйені енгізудің тетіктерін талқылады.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда жаһандық қауіп-қатермен күресетін өңірлік хаб құрылды. Жақында бұл хабтың веб-сайты ашылады. Мұнда қаржы саласында өрескел заң бұзғандармен күресу жайында ақпарат жинақталады.

"Бұл жүйе осы мемлекеттер арасында бірлесіп құқық қорғау органдарының жұмыстарының қызметін жеңілдетеді. Олар осы жүйе арқылы активтерді қайтару бойынша көмектеседі", - дейді құқық қорғау органдары академиясының аға прокуроры Рахматолла Балашов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу