Елімізде ақылы автожолдар көбейеді

1081

2020 жылы Ресей-Ақтөбе-Қызылорда, Тараз-Қайнар, Қызылорда-Шымкент-Тараз, Шымкент-Өзбекстан шекарасы аумақтарындағы автожол ақылы болады.  

Елімізде ақылы автожолдар көбейеді

Бүгінде 300 шақырым аумақты қамтыған Алматы-Қорғас жолында да ақы алу жүйесі монтаждалуда, деп хабарлайды 24.kz.

Қыркүйек айында бұл жұмыстарды толығымен аяқтап, қажетті жабдықтарды орнату және сынақ түріндегі ақы алу жүйесін іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ биыл инвестиция және даму министрлігі "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізі сынды 13 аумақтағы автожолды ақылы ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол 5000 шақырымға созылған. Ал жол құны Астана-Щучинск автобанына сәйкес бекітіледі. Яғни жеңіл көлік иелері 1 шақырым үшін – 1 теңге, жүк көлігіне 15 теңге төленуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу