Алматы облысында Алатау қаласы құрылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 9-бабына сәйкес Алматы облысы Iле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылсын", - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаулы жобасында.
Қалаға Алатау атауы берілмек.
Үкімет "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" Президент Жарлығының жобасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына ұсынбақ.
Жетіген – Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы әрі темір жол станциясы.
"Ашық заңды тұлғалар" сайтындағы талқылау 29 қарашаға дейін жалғасады.