Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

511

Алаяқтықтан сақтану үшін күмәнді сілтемелер арқылы өтпеген жөн.

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды Фото: inbusiness.kz

StopFake.kz мәліметінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz. 

Пайдаланушыларға белгілі бір конкурста балаға немесе таныс біреуге дауыс беру өтінішімен хабарлама мен сілтеме жіберіледі. Алайда, осылайша алаяқтар аккаунттарға кіріп, тіпті ақша да жымқырады.

Осыған ұқсас алаяқтық схемасы жөнінде биылғы тамыз айында ресейлік пайдаланушылар да айтқан. Ресейліктердің сөзінше, өз таныстарына немесе туыстарына конкурстарда дауыс беру ниетімен сілтеме бойынша өткен кезде, телефон нөмірін және оған келген кодты енгізуді талап ететін парақша ашылған. Осыдан кейін қолданушылар What’sApp аккаунттарын басқара алмай, ал контактілерінің барлығына дерлік дауыс беру туралы ақпарат жіберілген.

"Алаяқтардың арбауына түскендердің кейбірі телефон нөмірін де, кодты да енгізбегенін, бірақ сілтеме арқылы өткеннен кейін бірден аккаунтты басқара алмай қалғандарын айтқан. Зардап шеккендердің бірінің сөзінше, алаяқтар оның басқа да аккаунттарын, соның ішінде мемлекеттік ресурстардағы аккаунттарын бұзуға тырысқан. Мұндай алаяқтықтан сақтану үшін күмәнді сілтемелер арқылы өтпеген жөн. Егер танысыңыз сізді қандай да бір сайтқа кіруге шақырса да, оның аккаунтын біреулер бұзуы мүмкін екенін естен шығармаңыз", - деп хабарлады StopFake.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу