Елімізде алдағы 10-20 жылда әуе керосиніне деген сұраныс артады

426

Былтыр Қазақстанда 666 мың тонна әуе отыны өндірілді. 

Елімізде алдағы 10-20 жылда әуе керосиніне деген сұраныс артады Фото: inbusiness.kz

Елдегі әуе отынына жылдық қажеттілік 900 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ" Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту арқылы республика бойынша жалпы өнімділікті 1,2 млн тоннаға ұлғайтуды қарастырудамыз. Алдын ала жүргізілген маркетингтік зерттеу нәтижелері алдағы 10-20 жылда әуе керосиніне деген қажеттілік 1,2 млн тоннаны құрайтынын көрсетіп отыр. Яғни, Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейтудегі техникалық шешім авиакеросинге деген қажеттілікті толық қанағаттандыруға бағытталған", - деді ол баспасөз конференциясында.

Оның сөзінше, Қазақстан негізгі көлік дәліздерінің бірі болғандықтан, көлік инфрақұрылымы кеңейетін болады.

Бүгінгі таңда ұлттық компанияның алдында тұрған негізгі міндеттің бірі – жолаушы тасымалдаумен айналысатын әуе компанияларын әуе отынмен қамту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу