Елімізде алдағы 3 күн жауын-шашынды болады

860

Синоптиктер мамырдың 21 мен 22-сінде еліміздің 5 өңірінде қатты дауыл соғады деп болжап отыр.

Елімізде алдағы 3 күн жауын-шашынды болады

Синоптиктер алдағы күндері жаңбырдың толастамайтындығын хабарлады. Тіпті, "Қазгидромет" мамандары ауа райының күрт өзгреуіне байланысты  ескерту жариялады.

Болжам бойынша, мамырдың 21 мен 22-сінде еліміздің 5 өңірінде қатты дауыл соғады. Жамбыл облысында желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге жетіп, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстанда да бұршақты нөсер түсіп, қатты жел соғады. Қостанай облысында нөсер жауынмен қоса, тұман торлайды, түнде ауа райы 0-ден төменге түседі. Ал Солтүстік Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар. Термометр бағаны -1-6 градусқа дейін түсуі ықтимал. Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Ал Нұр-Сұлтанда алдағы тәуліктерде түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу