Елімізде алдағы күндері күн салқындайды

348

Бұл күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.  

Елімізде алдағы күндері күн салқындайды Фото: canva.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылдың 11-12 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар демалыс күндері ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп болжап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

11 және 12 тамызда республиканың солтүстік-батысында, 10 тамызда орталықта, 11 тамызда шығыста, елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі республика бойынша күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде.

Күндіз республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батыста +15+28°С, солтүстікте +15+25°С, шығыста және орталықта – +17+28° дейін.

Бұл ретте еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз +35+38°С қарқынды ыстық сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°C болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу