Елімізде алдағы үш күнде үсік жүреді

397

"Қазгидромет" РМК 19-21 қазан күндергі ауа райына болжамын ұсынды. 

Елімізде алдағы үш күнде үсік жүреді Фото: Inbusiness.kz

19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Одан әрі ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар ығысады, онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, екпінді жел күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы әлі де ашық болады.

Түнде республиканың басым бөлігінде температура бағамы -2 – +10 жылыны көрсетеді. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы +10-15 жылыдан +5-10 жылыға дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу