Елімізде алдағы үш күні аяз күтілуде

558

Синоптиктер 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Елімізде алдағы үш күні аяз күтілуде Фото: Azattyq Ruhy

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі; оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар тұрады.

"Кезең соңында солтүстік антициклон ығысып, Қазақстанның басым бөлігінде температура төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін аяз күтіледі, шығыста 1-10 градус аязға дейін төмендейді", - делінген синоптиктер мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу