5 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы ТОП-10 ластанған қала қатарына еніп, 5-орынға жайғасты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Карачи, Бағдат, Шанхай және Бішкек сияқты мегаполистермен бір қатарда тұр. Кешкі сағат 17.00-де қаладағы орташа AQI (Ауа сапасының индексі) көрсеткіші 169-ды көрсеткен, бұл деңгей "денсаулыққа зиянды" деп саналады.
Ірі қалалардың рейтингі шамамен 120 ірі әрі танымал мегаполисті қамтып отыр. Қалалар ауа сапасының индексі (AQI) бойынша бағаланып, рейтинг жасалады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органдар, зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдар, компаниялар және еріктілер басқаратын мыңдаған мониторинг станциялары мен датчиктерден жиналған мәліметтер негізінде есептеледі. Рейтинг сағат сайын жаңарып отырады.
Рейтинг әлемдегі ірі қалалардың ауа сапасын қарапайым әрі түсінікті түрде көрсетуді көздейді. Оны IQAir сайтынан немесе Airvisual мобильді қосымша арқылы көруге болады.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын болжаған еді.