Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттады

547

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға өсті. 

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттады Фото: Егемен Қазақстан

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады, деп жазады inbusiness.kz ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 28 ақпан/:

  • Айран 2,5 – 378 тг/л
  • Картоп – 158 тг/кг
  • Құм-шекер – 456 тг/кг
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу