Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай құбылды?

429

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 3 қазаннан бастап 10 қазанға дейінгі аралықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайызға қымбаттады.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай құбылды? Фото: Inbusiness.kz

Бұл соңғы 4 айда апта ішіндегі бірінші өсім, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, соңғы рет қымбаттау 30 мамырдан 6 маусымға дейінгі аралықта тіркелген.

"Жеке тауарлардың ішінде жұмыртқа айтарлықтай қымбаттаған (1,3%). Өсім алтыншы апта қатарынан байқалып отыр. Жыл басынан арзандаған қарақұмық енді қымбаттап жатыр. Соңғы аптада баға 0,7 пайызға өскен",- делінген хабарламада.

Дегенмен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі 7 тауардың бағасы түскен. Әсіресе пияз (1,7%), сәбіз (1,5%), картоп (1,1%) бағасы айтарлықтай арзандады. Соның ішінде пияз бен картоп бағасы 12-інші апта қатарынан төмендеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу