Елімізде алғаш рет цифрлы гуманитаристика мамандары дайындалады

777

Жаңа мамандық Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқытылады.

Елімізде алғаш рет цифрлы гуманитаристика мамандары дайындалады

Жаңа оқу жылынан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ республикада тұңғыш болып цифрлы гуманитаристика мамандарын дайындайтын болды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Жаңа мамандық аталмыш ЖОО-ның тарих факультетінде ашылды.

Айта кетсек, Цифрлы гуманитаристика – гуманитарлы-әлеуметтік ғылымдар мен компьютер технологиясындағы әдістеме мен тәжірибені ұштастыра алады. Бұл мамандарға музейлерде, архивтерде, білім мекемелерінде және археологиялық зерттеу жұмыстарында сұраныс көп.

"Мысалы, GIS-технологияларын меңгерген бұл мамандар археология саласына ауадай қажет. Өйткені олар аэрофототүсірілім жасап, материалдарды өңдеп һәм қайта құрастыра алады", – дейді университеттің Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жанна Әубәкірова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу