Елімізде алғаш рет боччадан бірінші ашық республикалық турнирі өтті

1164

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында БЦП және тірек-қимыл мүшесі зақымданған, аутизм, даун синдромы сияқты диагнозы бар ересектер, зағип және нашар көретін балалар мен жастар арасында боччадан бірінші ашық республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды prosports.kz

Елімізде алғаш рет боччадан бірінші ашық республикалық турнирі өтті

Жарысқа Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар, Арал, Қарағанды, Ақсу қаласынан келген 95 спортшы қатысты. Қатысушылар санының көптігі былтыр еліміздің 17 қаласында бочча секцияларының ашылуына сеп болды.  

Бұл ашық республикалық турнир осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосқан Нұр-Сұлтан қаласы бочча федерациясының президенті болған Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналады. Сұлтанбек Орынбасаров 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы инклюзивті мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген кезден бастап ерекше қажеттілігі бар оқушыларға ерекше қамқорлықпен қарайтын. Бочча спорт түрі жайлы білген соң, 2018 жылдан бастап "Тең мүмкіндіктер әлемі" ҚҚ-да боччадан жаттықтырушы болды. Осыдан кейін елордада бочча федерациясын құрып, балалармен бірге алтын Паралимпиада медалін жеңіп алуды мақсат еткен болатын. 

Бочча – тірек-қимыл аппараты қатты зақымданған спортшыларға (арбадағы спортшылар) арналған спорт түрі. 1984 жылы паралимпиада бағдарламсына кірген бочча бүгінде әлем бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Бочча доппен ойнайтын петанк пен керлингке ұқсас.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу