Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен бүйрекке операция жасалды

1456

Робот урология, жалпы хирургия және гинекология салалырында қолданылады.

Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен бүйрекке операция жасалды

Дәрігерлердің айтуынша, бұрын қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың бүйрегін толық алып тастауға тура келетін. Ал қазір роботтық технологияның көмегімен бүйректі сақтап, тек зақымданған бөлікке операция жасалады. Бүгінгі таңда жаңа тәсілмен 50-ден астам науқас емделіп шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Робот урология, жалпы хирургия және гинекология салалырында қолданылады.

Жеңіл операциядан бастаған мамандар, ай сайын күрделі емдеу тәсілдерін меңгеруде. Биыл емханада арнайы оқу орталығын ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, роботпен операция жасауды үйрететін оқу орталықтары әлемде АҚШ пен Италияда ғана бар.

"Қазір сондай операцияларды көбейтеміз ба деп ойлаймыз. Біздің елге, біздің халқымызға бұл қолжетімді операциялар. Алдында барлығына белгілі болғандай ондай аурулар медициналық туризм саласымен Кореяға кететін, Израильге кететін, Еуропаға баратын. Менің ойымша, қазіргі роботохирургия осылай өсе беретін болса біздің аурулар өз елінде, өз жерінде осындай көмек алуға мүмкіндігі бар", – дейді ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының бөлім меңгерушісі Ерлан Еңсебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу