Елімізде алғаш рет "Жасыл ипотека" іске қосылады

1105

2023 жылы жаңа ипотекалық бағдарламаны "Отбасы банк" ұсынады. 

Елімізде алғаш рет "Жасыл ипотека" іске қосылады Фото: massaget.kz

Қазақстанда алғаш рет "Жасыл ипотека" бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар ол бағдарламаның көмегімен "жасыл стандарттар" бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер алу үшін несиеге өтініш бере алады.

"Жасыл ипотека" бойынша алғашқы жарна 20%. Ал, несие мөлшерлемесі 12,5% болады. Оны клиент алғашқы 10 жыл ғана төлейді, кейін берешек 3,5%- 5%- ға дейін төмендейді.

"Жасыл ипотека" бойынша несиенің ең жоғары сомасы 35 млн теңге. Кредит тек жаңа баспана сатып алуға қолданылады. Тағы бір ескеретіні, мұндай несиемен тұрғын үйді "ӨМІР", "Р МЕМСТ", "BREAM" немесе "LEED" стандарттарына сәйкестік сертификаты банк нысандардан ғана сатып алуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу