Елімізде алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалған адамның қазіргі денсаулығы қалай

1273

Осыдан тура 10 жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет донорлық жүрек трансплантациясы жасалды. 

Елімізде алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалған адамның қазіргі денсаулығы қалай

Операцияны Чехиялық кардиохирург Ян Пирктің қатысуымен клиниканың негізін қалаушы, қазір хирургия жөніндегі директоры Юрий Пяның басшылығымен Жүрек Орталығының дәрігерлер командасы жүзеге асырды. Ота 2012 жылғы 8 тамызда дилатациялық кардиомиопатия диагнозы қойылған 38 жастағы Жәнібек Оспановқа жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының" хабарлауынша, Қазақстанда донорлық жүректің алғашқы реципиенті Жәнібек белсенді өмір сүруде, екі бала тәрбиелеп отыр және отандық трансплантологияның дамуына өз үлесін қосуда. Жәнібек басқа реципиенттерге операциядан кейінгі кезеңде бейімделуге көмектесе отырып, трансплантацияланған пациенттердің "Өмір тынысы" қоғамдық бірлестігін басқарады. Сондай-ақ ол жүрек трансплантациясын күту парағында тұрған пациенттерге қолдау көрсетеді.

Органды трансплантациялау бойынша операциядан кейін реципиентке иммунитетті жасанды түрде басу және ағзаның қабылданбаудың қаупін азайту үшін иммуносупрессивті препараттарды қабылдау тағайындалады. Сондықтан денсаулығын жақсарту үшін Жәнібек спортпен шұғылданады, тіпті орган трансплантациясынан кейін адамдар қатысатын Бүкіләлемдік спорттық трансплантация ойындарына да қатысқан.

2019 жылы ол Қазақстанда Ұлттық трансплантация ойындарын өткізудің бастамашысы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу