Елімізде алғашқы медициналық көмек дәрігерлері тапшы

954

Бірқатар өңірдің дәрігерлері 2 учаскеде қатар жұмыс істеуге мәжбүр. 1 дәрігерге 1 900-ден астам адам тіркелген.

Елімізде алғашқы медициналық көмек дәрігерлері тапшы

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсететін 520 мекеме бар. Олардың 30 пайызы жекеменшік ұйымдар.

"Алғашқы медициналық көмек объектілерінің негізгі бөлігі – ірі емханалар. Қазіргі уақытта орта есеппен алғанда әр емханаға 20-дан астам учаске тиесілі. Бұл дәрігерлердің бір жерге жинақталуына, кезектердің пайда болуына және жақын жердегі қолжетімділіктің болмауы сияқты проблемаларға алып келеді", – деді Елжан Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Еліміздің алғашқы медициналық көмек ұйымдарындағы 11 мың учаскеде 9 мыңнан астам дәрігер, 25 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде дәрігерлердің 43 пайызы мен орта медицина қызметкерлерінің 49 пайызы ауылдық елдімекендерде еңбек етеді.

"Осылайша, қазіргі уақытта алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің тапшылығы 1 мың маманды құрап отыр. Көп өңірде дәрігерлер іс жүзінде 2 учаскеде жұмыс істеуде. Осыған орай, 1 дәрігерге 1 900-ден астам адам тіркелген. Бұл мемлекеттік нормативтен 200-ге жоғары (1700)", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу