Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Парламент Мәжілісінде "Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңннамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. Осы заң жобасына сәйкес, министр алькоголь мен темекі акциздерінің құны белгіленетінін айтты.
"Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін денатуратталмаған этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеуді ұсынып отырмыз. Мұндай тәжірибе Ресей мен Беларусь елдерінде қолданылады", - деді Қ.Бишімбаев.
Қазіргі кезде 1 литр алькоголь өнімінің қолданыстағы акциз құны 1380 теңге болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2000 теңгеге өседі. Ал 2018 жылы 2275 теңгеге, 2019 жылы 2550 теңгеге дейін жетеді. Темекінің 1000 данасына салынатын акциз салығы 2017 жылы 5000-нан 6200 теңгеге дейін артады. Ал 2017 жылы 7500 теңгеге, 2018 жылы 8700 теңгеге дейін жетпек.
Baq.kz