Елімізде алкогольді ішімдікпен күрес шарасы басталды

2618

Елімізде алкогольді ішімдікпен күрес шарасы басталды

Қазанның  17-і мен 26-сы аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күні аясында "Алкогольді ішімдіктерден бас тарт!" деген ұранмен онкүндік өтеді.

"Онкүндік барысында медициналық мекемелердде ашық есік күндері өтеді. Дөңгелек үстелдер; психолог, нарколог, әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру секілді түрлі шаралары өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде спиртті ішімдікке әуес болудың  салдарынан жыл сайын 3,3 млн  адам көз жұмады", - делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарламасында.

Шараны өткізудегі мақсат - халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін зияны туралы  кеңінен хабардар ету, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Биыл 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында ДДСҰ әдісі бойынша ересек тұрғындар мен жасөспірімдер арасында қауіптті мінез-құлық факторларының таралуын анықтау жөнінде VI Ұлттық әлеуметтік зерттеу аяқталды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, өмір сүру дағдыларын бағалаудың бұрынғы сараптамаларымен салыстырғанда, ішімдіктерді тұтыну көрсеткіші 1998 жылғы 55%-дан 2015 жылғы 24,2%-ға дейін, ішімдікке шамадан тыс салыну 2012 жылғы 5%-дан 2015 жылғы 4,1%-ға дейін төмендеген.

Елімізде алкогольді ішімдіктен бас тарту Ұлттық күні 2007 жылдан бері аталып келеді. 

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу