Елімізде алты қалада "ЖАРҚЫНкросс" акциясы өтті

811

Елімізде алты қалада "ЖАРҚЫНкросс" акциясы өтті

Жыл сайын өтетін қайырымдылық ЖАРҚЫН кроссы орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті. Жылдың ең жарқын шарасына бір мыңнан астам адам қатысты. Марафон барысында бір жарым тонна құрғақ бояу жұмсалды, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.
ЖАРҚЫНкроссқа қатысу шарты өзгермейді: мәреде ақ жейдеде болып, жарыс соңында барынша жарқын түстерге бояну қажет. Дистанцияны жүгіріп, жүріп, жорғалап, секіріп өтуге болды. Қатысу құны 1500 теңгені құрады. Шарадан жиналған барлық қаражатқа ұйымдастырушылар ағаш көшеттерін сатып алып, Шахтерлер даңғылында отырғызады. Акцияда жиналған қаражат сомасын ұйымдастырушылар осы аптада айтуға уәде берді. 
"ЖАРҚЫНкросс" акциясы биыл алты қалада: Қарағанды, Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Павлодарда, сондай-ақ Бурабай курорт қалашығында өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу