Елімізде алты қаланың әуежайына арнайы экономикалық аймақ енгізу жоспарланып отыр

316

Жүк ағындарын әуежайға бағыттауға назар аударылып отыр.

Елімізде алты қаланың әуежайына арнайы экономикалық аймақ енгізу жоспарланып отыр Фото: Inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев әуежайлар аумағында арнайы экономикалық аймақтар құру мәселесі бойынша әкімдіктер мен авиациялық кәсіпорындардың қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта ҚР Көлік министрлігі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды әуежайларында арнайы экономикалық аймақтар енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ерекше экономикалық режим қажет болатын басқа да өңірлік әуежайларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ведомство жүк ағындарын қазақстандық әуежайларға бағыттауды және қайта бағыттауды ынталандыруға әрі тұтастай алғанда елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударып отыр.

"Әуежайларда арнайы экономикалық аймақтар құру кең таралған халықаралық тәжірибе. Атап айтқанда, Дубай, Сингапур, Шаннон, Эр-Рияд және басқа да әуе айлақтарында аталған экономикалық аймақтар нәтижелі жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Көлік министрлігі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша Қазақстанның 12 өңірінде арнайы экономикалық аймақ бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу