Биылғы қаңтар-ақпан айларында зергерлік және осыған ұқсас бұйымдар өндірісі 212 млн теңгеге жетті. Бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда ақшалай мәнде 6,3%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Алматыға тиесілі: 95,4 млн теңге. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы (33,4 млн тг), Астана (24,5 млн тг), Шымкент (20,5 млн тг) және Шығыс Қазақстан облысы (15,9 млн тг) тұр. Өндірістің айтарлықтай көлемі Қостанай (11,8 млн тг) және Павлодар (7,5 млн тг) облыстарында да байқалды. Басқа өңірлерде сектордағы өндіріс көлемі 1 млн теңгеден асқан жоқ.
2022 жылдың 12 айында 1,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда құндық мәнде 4,4%-ға көп.
Биылғы қаңтар-ақпанда сектордағы өндіріс көлемінің басым бөлігі асыл металдардан жасалған зергерлік бұйымдардың үлесіне тиді: 146 млн тг.
Тағы үштен бірі асыл металдардан, бағалы немесе жартылай бағалы тастардан жасалған өзге де бұйымдарға тиесілі: 66 млн тг.
2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша елдегі зергерлік бұйымдар мен сағат бағасы бір жылда 33,2%-ға қымбаттады.
Бұдан бөлек Қазақстанда алтын неке сақиналарының бағасы бір жылда 35,6%-ға өсті. Ең көп қымбаттаған өңір Солтүстік Қазақстан облысы: 71,6%. Одан кейінгі орында Жетісу (61,7%) және Алматы (60,1%) облыстары орналасқан. Алматы, Астана қалалары, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында алтын неке сақиналары 1,5 есе қымбаттаған. Бұл сақиналардың бағасы Ақтөбе (3,7%), Атырау (6,9%) және Батыс Қазақстан (10,7%) облыстарында ең аз қымбаттады.