Елімізде алтын өндірісі артып, күміс өндеу азайды

1980

Биылғы жылдың қаңтар-маусым аралығында асыл және түсті металл өндіру мемлекеттік қазынаға 1,5 триллион теңге пайда әкелген.

Елімізде алтын өндірісі артып, күміс өндеу азайды

2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 8,9 пайызға артқан, деп хабарлайды Atameken Business.

Статистика комитетінің мәліметінше, алты айда елде өңделмеген және жартылай өңделген 471,4 мың келі күміс және 48,1 мың келі өңделмеген алтын шығарылған. Сондай-ақ, тазартылмаған алюминий 823,5 мың тонна, ал шикі қорғасын 67,8 мың тонна алынған.

Жарты жыл ішінде мырыш шикізатын шығару 163,9 мың тоннаға дейін, ал тазартылған мыс 227,1 мың тоннаға дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу