Биыл Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазақ тарихын дәріптеу жолында аянбау керегін айтты.

Биыл Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады Фото: The Golden Empire

Десе де, тарихи тақырыптарға келгенде мағынасына мән беру қатаң бақыланғаны жөн, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік.

Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді.

Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ, осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылмақ. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады деген болжам бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу