Елімізде алюминий өндірісі төмендеді

2713

Жыл басынан бері алюминий рудасын өндіру шамамен 21%- ға, қайта өңделмейтін алюминий өндіру 7%-ға төмендеген. 

Елімізде алюминий өндірісі төмендеді

Биылғы жылдың соңғы жеті айының қорытындысына сәйкес, алюминий рудаларын өндіру 2,5 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Energym. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға төмен (өткен жылы бұл көрсеткіш 3,1 млн тонна болатын).

Бұл саладағы ең ірі кәсіпорын - "Алюминий Қазақстан" АҚ. Ол елімізде глинозём тотығын (алюминий өндіруге қажетті шикізат) шығаратын жалғыз кәсіпорын. Орта есеппен компания жылына Қостанай және Павлодар облыстарындағы боксит рудаларынан 1,4 млн тонна глинозём тотығын өндіреді.

Сонымен қатар, биыл қайта өңделмейтін алюминий өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанада 6,7%-ға төмендеген. Оның соңғы жеті айдағы көлемі 965,2 мың тоннаны құрады (өткен жылы бұл көрсеткіш 1 млн тонна болатын).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу