Елімізде амбулаторлық-емханалық қызметтер бағасы 6%-ға өсті

848

Шипажай қызметтері бір жыл ішінде 10,1% -ға және бір айда 1,1% -ға қымбаттады.  

Елімізде амбулаторлық-емханалық қызметтер бағасы 6%-ға өсті

2021 жылдың шілде айының соңында амбулаторлық-емханалық қызметтер бағасы айына 0,2%-ға және жылына 5,7%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігердің алғашқы қабылдауы жылына 7,3%-ға, стоматологиялық қызметтер - 5,6%-ға, дәрігерлік амбулаториялардағы мамандандырылған қызметтер - 3,6%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметі - 3, 3%-ға қымбаттады. 

Ай сайынғы динамикада дәрігердің алғашқы қабылдауының бағасы 0,4%-ға, дәрігерлік амбулаториядағы қызметтер - 0,3%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері - 0,2%-ға, стоматологиялық қызметтер - 0,1%-ға артты.

Шипажай қызметтері бір жыл ішінде 10,1% -ға және бір айда 1,1% -ға қымбаттады.

Аймақтар бойынша амбулаториялық-емханалық қызметтер құнының  жоғарылауы республиканың барлық 17 аймағында тіркелді.

Ең үлкен өсім Атырау облысында тіркелді, жылына 11,2%.  Қостанай (10,3%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарындағы қызметтер де айтарлықтай өсті.
 Бағаның ең аз өсуі Қарағанды ​​(1,9%), Түркістан (2,2%) және Алматы (2,5%) облыстарында тіркелді.

Биылғы жылдың шілде айында республика бойынша орта есеппен дәрігер қабылдауына бару 3,5 мың теңгені құрады.  Ірі қалалар арасында ең қымбат бастапқы қабылдау Атырауда (5,3 мың теңге), Алматыда (4,6 мың теңге) және Шымкентте (4,5 мың теңге) болды.  Дәрігермен алғашқы кездесулердің ең арзаны Түркістанда тіркелді - 2,1 мың теңге.

Іштің ультрадыбыстық зерттеу республикада орташа есеппен 4 мың теңге тұрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,1%-ға жоғары.  Қызметтің ең жоғары бағасы Ақтау мен Алматыда (5,1 мың теңге), ең төмені Оралда (2,6 мың теңге) тіркелді.

Жалпы қан талдауы орта есеппен 1,2 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8% қымбат.  Ең жоғары баға Өскеменде (1,5 мың теңге), ең арзаны - Талдықорғанда (716 теңге).

Жалпы зәр сараптамасының бағасы 729 теңгені құрады - бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% -ға жоғары.  Шымкенттіктер қызмет үшін ең жоғары сома төледі (878 теңге), ең төмен баға - Талдықорғанда(592 теңге) анықталған.

Шипажайлардың қызметі тәулігіне 12,6 мың теңгені құрайды. Ең жоғары баға елордада (18 мың теңге), ең төмен баға - Қарағандыда (10,5 мың теңге) тіркелді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу