Елімізде ана өлімі 3,2 есеге қысқарды - ДСМ

467

Былтыр Қазақстанда ана өлімі 3,2 есеге қысқарды. Ал, нәресте өлімінің көрсеткіші пандемияға дейінгі деңгейге жетті. Осылайша 2021 жылға қарағанда 6%-ға азайды, деп жазады inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елімізде ана өлімі 3,2 есеге қысқарды - ДСМ Фото: qazaqstan.tv

"Пренаталдық бақылаумен қамту күшейтіліп, бұл көрсеткіш 99,2%-ға жетті. Жүкті әйелдерді 12 аптаға дейін ерте қамту 5%-ға өсті. Пренаталдық ультрадыбыстық скринингпен қамту 5%-ға, биохимиялық скринингпен қамту 10%-ға артты, сондай-ақ балаларды 1 жасқа дейін проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін ұлғайды. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге білікті медициналық көмек көрсету үшін 18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды, пренаталдық диагностика бойынша 150-ден астам ультрадыбыстық маман оқытылды", - деп хабарлады ведомство.

Былтыр "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының" ресурстарын пайдалана отырып, ғылыми және республикалық жетекші мамандарымен бірлесіп, жүктілік және босану ағымы асқынған 910 әйелге 1391 медициналық қызмет көрсетілді.

"Санитариялық авиациямен 200 ұшу орындалып, 21 әйелге ота жасалды. Ал, ауыр жағдайдағы 180 пациент облыстық және республикалық клиникаларға жеткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр жағдайдағы 1237 әйелдер (96%) құтқарылды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу