Елімізде анестезиолог-реаниматологтар мен терапевтер жетіспейді

790

Республика бойынша 4122 дәрігердің орны бос тұр. 

Елімізде анестезиолог-реаниматологтар мен терапевтер жетіспейді

ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев жылдан жылға дәрігерлер саны артқанымен, мамандар тапшылығы мәселесі шешілмей келе жатқанын айтады. 

"Қазіргі кезде елімізде 9 464 жалпы тәжірибе дәрігері бар. Олар жалпы "ақ халаттылардың" 13,2%-ын құрайды. Мамандардың көп бөлігі Түркістан облысында шоғырланған. Өңірде 1205 тәжірибе дәрігері жұмыс істейді. Бұған қоса медицина мамандарының ішінде педиатрлар мен терапевтер көп. Алайда биылғы жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша елімізде 5201 штаттық орында мединицалық кадр тапшылығы тіркелген. Әсіресе, Қостанай облысына мамандар аса қажет. Мұнда 624 штаттық орын бос еді", – деді орталық директоры. 

Қанат Төсекбаевтың сөзінше, жас мамандарды өңірлерге жіберген соң кадр тапшылығы мәселесі шешіле бастаған. 

"Мәселен, 10 қыркүйектегі жағдай бойынша кадр тапшылығы 1079-ға төмендеді. Алайда бізге әлі де  4122 дәрігер керек. Қазақстанда анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері, зертханашы, акушер-гинеколог, инфекциялық дәрігерлер жетіспей жатыр. Орташа медициналық қызметкерлер арасында 8583 бос орын бар", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу