Елімізде аңшылық маусымы басталды

1899

Аң аулаудың объектілеріне сүтқоректілердің 34 түрі мен құстардың 59 түрі жатады. 

Елімізде аңшылық маусымы басталды

Елімізде қыркүйек айынан бастап күзгі-қысқы аңшылық маусым ашылды, деп хабарлайды  kaz.altaynews.kz.

Аңдардың түріне қарай маусым 2019 жылдың 15 ақпанына дейін созылады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахмет Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеп отыр.

Аң аулаудың объектілеріне сүтқоректілердің 34 түрі мен құстардың 59 түрі жатады. Қыркүйектен бастап марал, аю, сібір тау ешкісі, сібір елігін, қабан, шіл, қарабауыр және көшпелі жабайы құстарды (қаз, үйрек) аулауға рұқсат етіледі. Тәулігіне бір аңшыға қанаттылардың әр түрінен бес құсқа дейін аулауға болады.

Сондай-ақ, аңшылыққа арнайы жолдама және квота бойынша ғана шығуға рұқсат берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу