Елімізде апатты жағдайда тұрған мектеп жоқ

188

Үкімет Қазақстанда апатты жағдайда тұрған және үш ауысымда білім беретін мектептер жоқ екенін мәлімдеді.

Елімізде апатты жағдайда тұрған мектеп жоқ Фото: Үкімет сайты

2019 жылдан бері елде 1200-ден астам жаңа білім ордасы салынып, 1 млн баланы оқытуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2023-2024 жылдары Үкімет бұл мәселе бойынша үлкен жұмыстар атқарған. Мысалы, бұл кезеңде 510 мың оқушыға арналған 422 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Соның нәтижесінде 32 апатты және 71 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіліпті. Бұған қоса 200-ге жуық мектептегі орын тапшылығы жойылды.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қазір де жалғасуда. Оның шеңберінде жаңа стандарттарға сай келетін кең, заманауи сыныптар, спорт залдар, шығармашылық орындары қарастырылған.

Аталған жоба аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазір оның 105-і пайдалануға беріліп үлгерді, қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс.

Республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ жекеменшік инвестициялар есебінен тағы 92 мың орындық 127 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

2023 жылы жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы да 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Оның ішінде 74,4 мың оқушыға арналған 61 мектеп оқушыларға есігін ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу