Елімізде апта сайын мыңнан аса адам қызылша жұқтыруда

285

Көбінесе бұл қауіпті дертке жас балалар шалдығады.

Елімізде апта сайын мыңнан аса адам қызылша жұқтыруда Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда қызылшамен ауырғандардың апта сайынғы өсімі 1300 адамнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылша ауруының көбеюі туралы мәліметтерді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты.

Бүгінгі таңда қызылшаны жұқтырған 13 мың адам анықталса, оның 11 мыңы балалар. Манар Смағұл қауіпті дерттің нақты емі жоқ, бірақ оның алдын алудың жолы екпе екенін айтты.

Еліміздегі емханалар дер кезінде екпе алмаған ересектер мен балалармен байланыста болған адамдарды иммундау жүріп жатыр. Бүгінге дейін сегіз мың балаға екпе салынды.

"Әсерін сәл кейінірек көреміз. Иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек, вакцина алғаннан кейін адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту керек, өйткені иммунитет қалыптасуы үшін 2 апта қажет. Қызылшаның салдары өте ауыр. Статистикаға сәйкес, 1000 науқас баланың біреуі қызылша энцефалитімен ауыруы мүмкін", деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу