Аймақтағы климат күрт континенталды екенін және балаларды мектепке тек формада баруға міндеттейтінін ескерсек, ата-аналар көтеріп отырған мәселе орынды. Бұдан бөлек мектеп кабинеттерінде кондиционер жүйесі жоқ.
Белгілі болғандай, заңнамада бұл жайт ескерілмеген.
"ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес сабақтарды қашықтан режимге көшіруге аяз, боран, қатты жел негіз бола алады. Сондай-ақ, осы жылдың мамыр айында демалыс күндерін ескере отырып, оқушылар үшін тек төрт қосымша оқу күні болатынын атап өтеміз", - деп хабарлады Қостанай облысының білім басқармасы.
Айта кету керек, биыл елімізде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады.