Елімізде аптап ыстық сақталады

141

Бірқатар өңірде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі.  

Елімізде аптап ыстық сақталады Фото: istockphoto.com

Бүгін, 10 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады. Осыған байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18,+20°C, күндіз +34,+36°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +23,+25°C, күндіз +33,+35°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23,+25°C, күндіз +37,+39°C.

Сонымен қатар, Атырау облысының оңтүстігінде 10 тамызда күндіз ауа температурасы 40-41°C-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 10-11 тамызда күндіз 40-41°C ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында 9-10 тамызда күндіз ауа температурасы 43-44°C-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде 9-10 тамызда күндіз 40°C-қа дейін өте қатты ыстық болады.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде 10-11 тамызда күндіз ауа температурасы 40-41°C болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу