Елімізде әр жетінші жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталады

559

Алматы облысында тіркелген жеңіл көліктердің 66,4%-ы, жүк көліктерінің 65,44%-ы, автобустардың 52,94%-ы 20 жылдан артық пайдаланылған.

Елімізде әр жетінші жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталады

2022 жылдың 5 айындағы құқықтық статистикаға сәйкес, Қазақстанда 5 212 жол-көлік оқиғасы орын алған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға артық, деп жазды inbusiness.kz.

Негізінде бұл 2019 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар жазатайым оқиғалардың салдарында:
• 5 айда 7 654 адам зардап шекті (+11,9%);
• Жарақат алғандар саны – 6 910 адам (+10,8%);
• Қайтыс болғандар – 744 адам (+22,6%).

Бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Осылайша, өлім-жітім санының өсу қарқыны жол-көлік оқиғалары санының өсу қарқынынан екі есеге дерлік артты. Орта есеппен әрбір жетінші жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталады екен.

Зардап шеккендердің көпшілігі Алматы (бір жыл бұрынғы 129-ға қарсы 163) және Жамбыл (99-ға қарсы 57) облыстарында. Бұл аймақтардың ерекшелігі көліктердің көбі тозған. Алматы облысында тіркелген жеңіл көліктердің 66,4%-ы, жүк көліктерінің 65,44%-ы, автобустардың 52,94%-ы 20 жылдан артық тізгінделген. Жамбыл облысында жағдай бұдан да сорақы – сәйкесінше 71,8%, 76,9% және 54,3%.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу