Шымкентте халық саны 950 мыңға жуықтады. Жыл басынан бері шым шаһарда 33 мың сәби дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сала мамандарының сөзінше, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы миллион тұрғыны бар қалаға айналуға дайындалып жатыр. Ал, облыстағы тұрғындардың саны 2 млн 900 мыңнан асып түскен. Биылғы жылдың өзінде аймақта 50 мыңнан аса бала туылған. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда, ең үздік көрсеткіш болып отыр. Яғни, елімізде өмірге келетін әрбір бесінші бала күнгей тұрғыны саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу