Елімізде әрбір төртінші тұрғын шылым шегеді

863

Шылым шегушілердің саны Ресей, Украина, Беларусьте көп. Өзбекстан мен Әзербайжанда темекі тартатын әйелдер салыстырмалы түрде аз.

Елімізде әрбір төртінші тұрғын шылым шегеді

Темекі рейтингінде Қазақстан 127 елдің арасында 41-орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг бойынша елімізде әрбір төртінші тұрғын шылым шегеді. Олардың басым бөлігі – ер адамдар. Рейтингте Қазақстан темекі тартушылардың ең көп үлесі бойынша 31-орында тұр, ер адамдардың 43,9% темекіге тәуелді. 

Рейтингте темекі тартатын әйелдердің ең көп үлесі бойынша еліміз 61-орында: қазақстандықтардың 9,3% бұл әдетке тәуелді.

Темекі шегудің ең жоғары көрсеткіші Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаның Балқан аймағында, ал Батыс Еуропа мен Америка елдерінде темекі тартатындар аз. 

Әйелдер ерлерге қарағанда шылымды аз шегеді. Бірақ әйелдер ең көп темекі тартатын елдерге Науру (52%), Кирибати (40,9%) және Сербия (39,7%) кіреді.

ТМД елдері мен Орталық Азияда Ресейден басқа, Украинада әйелдердің 14% (45-орын), Беларусьте – 10,6% (58-орын), Молдовада – 5,4% (78-орын), Қырғызстанда – 3,6% (87-орын), Арменияда – 1,5% (108-орын), Өзбекстанда – 1,3% (112-орын), Әзірбайжанда – 0,4% (123-орын) темекі тартады.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 8,7 млрд сигар, шылым, папирос және темекіден жасалған немесе оны алмастыратын басқа да осыған ұқсас өнімдер шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3% аз. Жалпы биыл 7 айда 125,3 млрд теңгенің темекі өнімдері өндірілген.

2020 жылы Қазақстанда 16,8 млрд темекі өнімі шығарылған. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 2,5% аз.

Елімізде ең ірі темекі өнімдерін өндіретін компаниялар – "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС және "Джей Ти Ай Қазақстан" ЖШС.

Қазақтандықтар көбінесе елімізде өндірілген темекі мен темекі өнімдерін тұтынады.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі өніміне сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 78,5% қамтамасыз етті. Өткен жылғы көрсеткіш – 73%. Импорттың үлесі – 21,5%. 

Елімізге жыл басынан бері өткен жылмен салыстырғанда 23,9% аз өнім жеткізілген: 2 млрд дана.

Компаниялар экспортқа тек 994,9 млн шылым мен папирос жіберген, бір жылда минус 30,6%.  Ішкі нарықта 8,4 миллиард өнім сатылған. 

2021 жылғы тамызда темекінің бағасы жылдық динамикада 15,9% өсті. Алматы (бір жылда 21,1%), Маңғыстау (20,7% ) және Батыс Қазақстан (19,3%) облыстарында темекі айтарлықтай қымбаттаған.

Темекі бағасының ең төменгі өсімі Қостанай (11,4%), Алматы (11,6%) және Ақтөбе облыстарында (12,5% - ға) тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу