Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар жұмысын тоқтатты, себебі олардың жұмысында техникалық ақау тіркелді. Бұған қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз. Мамандар оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деді корпорацияның баспасөз қызметі өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу