2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне негізделген қаржыландырудың жаңа форматына көшті.
Қаржыландырудың жаңа форматы, оның ішінде жекеменшік сектор мен білікті мамандарды АӘҚ көрсетуге тарту есебінен бәсекелестікті дамыту үшін енгізілуде. Бұл тетік ұйымдар жұмысының тиімділігін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қызметкерлердің жалақы деңгейіне оң әсер етуі қажет.
Тарифтер АӘҚ ұсынатын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтер негізінде қалыптастырылатын болады және екі құрамдас бөлікті қамтиды: негізгі және қосымша шығыстар.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді жергілікті атқарушы органдар бекітеді.