Құжатта қысқы дизель отынын және арктикалық дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 422 0, 2710 19 423 0) қоспағанда, Қазақстан Республикасына дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 421 0 – 2710 19 424 0 және 2710 19 425 0) теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2021 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге тыйым салу көзделген.
"Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі отандық МӨЗ-дер өндіретін және сырттан әкелінетін мұнай өнімдері көлемдері арасындағы тұтынудың ыңғайлы теңгерімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық МӨЗ-дерде мұнай өңдеудің төмендеу фактілерін болдырмауға бағытталған",– деп жазылған министрлік таратқан хабарламада