Елімізде Ashyq қосымшасы қайта қолданыла ма?

730

Аталған жобаға қатысты сот ісі әлі жалғасып жатыр. Қатаң карантин жарияланса бизнес қалай жұмыс істейді?

Елімізде Ashyq қосымшасы қайта қолданыла ма?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq қосымшасына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ashyq қосымшасына қатысты сот ісі әлі жалғасып жатыр. Қолданба "қызыл" аймаққа өткен жағдайда пайдаланылады, өйткені бұл бизнеске эпидемия кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді", – деді министр. 

Еске сала кетсек, аталған қосымша қызмет көрсету нысандарына вакцинация паспорты және карантин талабы бойынша кіргізуге арналған. 

Қазақстанда бүгінде халықтың 60%-ға жуығы (10,5 млн-ы) – бірінші, екінші доза және ревакцинация алды. Республика бойынша 139 жұқпалы аурулар ауруханасы жұмыс істейді. Бүгінде жүктеме 20%, яғни онда 570 науқас емделуде. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу