Елімізде әскери доктрина қайта әзірленді

534

Еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігі – мемлекет алдында тұрған негізгі мәселе. Бұл мәселе - Қорғаныс министрлігінің басты назарында.  

Елімізде әскери доктрина қайта әзірленді Фото: turkystan.kz

2022 жылы қорғаныс саласының негізгі күш-жігері Қарулы Күштердің құрылымын жетілдіруге, жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталды деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов. Ол бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар қайта әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қазіргі заманғы сын-қатерге сәйкес Әскери доктрина қайта әзірленді. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы әзірленді. Осы жоба шеңберінде қару-жарақтың елімізде шығарылған үлгісін дайындау, оқ-дәрі қоймасын салу, қолданыстағы сақтау объектісін жетілдіру көзделген. Жауынгерлік даярлық іс-шарасы аясында "Батыл тойтарыс", "Айбалта", "Бекет" оқу-жаттығуы, "Алтын жебе" кешенді тексерісі, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде "Эшелон", "Іздеу", "Өзара іс-қимыл" оқу-жаттығуы өткізілді. Әскери қызметшілер Беларусь, Үндістан, Иордания, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Ресей елдерінде өткен  оқу-жаттығуға қатысты. Сонымен қатар, Қарулы Күштер бөлімшелері жыл сайын өтетін армиялық халықаралық ойынға қатысуда. 34 елдің командасы арасында біздің команда жүлделі үшінші орынға ие болды", - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Сонымен қатар, ел Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспарында озық қарумен, басқару жүйесімен жабдықталған технологиялық мобильді армия құру, қорғаныс өнеркәсібін дамыту, әскери білім мен ғылымды жетілдіру, әскери қызмет беделін, Қазақстан армиясының абыройын арттыру, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру міндеті айқындалған. Әскер "Қуатты армия – Жаңа Қазақстан!" ұранымен осы айқындалған міндеттерді орындауға кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу