Елімізде әскери қызметкерлерге төлем төлеудің тәртібі өзгереді

436

Түзетулер 30 қазаннан бастап күшіне енеді.

Елімізде әскери қызметкерлерге төлем төлеудің тәртібі өзгереді Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери қызметшілерге төлемдер төлеудің тәртібі өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті бұйрық жарияланды. Түзетулер 30 қазаннан бастап күшіне енеді.

Егер әскери қызметші бір айда толық қызмет етпесе, ақша іс жүзінде жұмыс істеген күндерінің санына қарай төленеді. Себепсіз қызметке шықпаған күндері үшін ақша төленбейді. Бұйрықта әскери қызметте іс жүзінде болмаған күндер көрсетіледі. Ақшалай үлесті пропорционалды түрде есептеу үшін айдағы күнтізбелік күндер қолданылады.

Шетелдегі әскери оқу орындарында білім алып жатқандарға төлемдер халықаралық келісімшарттар негізінде төленеді.

Күдікті деп танылған немесе ісі сотқа кеткен әскери қызметші шешім шыққанша ең төменгі жалақы мөлшерінде төлем алады. Егер ақталып шықса немесе іс тоқтатылса, оған толық айлығы есептеліп, бұрын берілген ең төменгі жалақы шегеріліп, қалған айырмасы толық төленеді.

Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мерзімді қызметтегі сарбаздарға жұмыстан босатылу жәрдемақысы әкімдік берген анықтама негізінде беріледі. Құжатты әскери бөлімнің кадр бөлімі алдын ала өзі сұратады.

Оқу-жаттығуға немесе далалық оқу-жаттығуларға 1 күннен астам уақытқа шыққанда командир бұйрығымен қосымша ақша төленеді. Төлем әскерилер оралған соң 7 жұмыс күні ішінде беріледі. Мұндай жағдайда командир арнайы бұйрық шығаруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу