Елімізде әскери қызметтің жаңа түрі пайда болады

500

Резервшілер қызметке ерікті түрде шақырылады. 

Елімізде әскери қызметтің жаңа түрі пайда болады Фото: gov.kz

Мәжіліс "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Әскери қызметтің бұл түрін енгізу бейбіт уақытта Қарулы Күштердің санын көбейтпей, қойылған міндеттерді орындауға дайын азаматтардың белгілі бір мөлшерін дайындауға мүмкіндік береді.

"Заң жобасының негізгі новеллалары. Әскери қызметтің жаңа түрін енгізу –  "резервтегі әскери қызмет" және әскери қызметшінің жаңа санаты –  "резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші", басқа сөзбен айтқанда, "резервтегі әскери адам". Депутаттар резервтегі әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптарды, олардың әскери қызмет өткеру тәртібін, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларды пысықтады",  деді депутат Ермұрат Бәпи.

Бұл заң кәмелетке толған азаматтарға қолданылатын болады. Резервшілер қызметке ерікті түрде шақырылады. Резервші болғысы келетіндерге мынадай талаптар қойылады: офицерлер үшін – 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар үшін – 50 жасқа дейін жас шектеуі және денсаулық жағдайына қойылатын талаптарға сай болуы тиіс. 

Резервшілер тұрғылықты жерінде орналасқан әскери бөлімдерде дайындықтан өтеді. 

Бұл ретте резервтегі қызмет толығымен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын болады. Әскери резервтегі жауынгерлерге оқу кезеңінде ең төменгі айлық жалақы, ал 30 күндік оқу-жаттығу жиыны кезінде орташа айлық жалақысы көлемінде төлемақы төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу