Елімізде астықтың 99,2 пайызы жиналды

1057

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында астық жинау науқанының қорытындылары қаралды. 

Елімізде астықтың 99,2 пайызы жиналды Фото: primeminister.kz

Елімізде бүгінде жалпы 15,2 млн гектар дәнді-дақыл алқабының 15,1 млн гектары жиналды, бұл 99,2% құрайды. Орташа өнім алу 12,6 ц/га болғанда, 19,1 млн тонна астық бастырылды, деп баяндады ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкімет отырысында.

"Биыл ауа райының жайсыз болуына байланысты біз өткен жылмен салыстырғанда бункерлік салмағында 2 млн тоннаға кем астық жинадық. Ауыл шаруашылығы министрлігіне нанға бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен астықты уақытылы сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын", — деді үкімет басшысы Асқар Мамин өз кезегінде.

Үкімет басшысы Қазақстандағы ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, жиналған астықты сақтап қалу үшін барлық шараны қолға алу, нан қабылдау кәсіпорындары астықты сақтауды, сондай-ақ ылғал астықты өңдеу мен кептіруді уақытылы қабылдауды қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу