Металлургия саласындағы өндіріс көлемі былтырғы 12 айда 9 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
“Оның ішінде 5,8 млрд тг асыл және түсті металдарға тиесілі, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық. Қара металлургияда металл құюды қоспағанда, өндіріс көлемі 3,1 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға аз”, - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, былтыр республикамызда металлургия саласында 91 кәсіпорын жұмыс істеді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    