Елімізде аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 800-ден асып кетті

687

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.

Елімізде аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 800-ден асып кетті

Бүгін сағат 09:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша шұғыл штабтың мәліметіне сүйенсек, жұқпалы дерт жұқтырғандар саны 802-ге жетіп жығылған. 60 адам ауруды жеңіп, жазылып шықты.

Кеше түннен бері тағы 21 адамның аталған індетті жұқтырғаны белгілі болды. Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Маңғыстау облысында – 2 адам, Қызылорда облысында – 4 адам, Атырау облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 4 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам.

Өкінішке қарай, өткен түні Алматы қаласында індеттен бір науқас көз жұмды. Бұл еліміздегі осы жұқпалы дерттен қайтыс болудың 9-жағдайы.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы - 45 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 3 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 104 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 802 науқас тіркелді",– деп жазылған шұғыл штабтың хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу